ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН 101 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН 101 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ
✔️Түркістан облысында тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, азаматтарды жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыстар жалғасып келеді. 2025 жылға арналған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 130 769 жұмыс орнын құру көзделген. Осы жылдың 8 айының қорытындысымен 100 807 азамат жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте баяндалды.
✔️Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға Президент тапсырмаларының тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырып, бұл шаралар үздіксіз атқарылатынын жеткізді.
📌– Басты мақсат – тұрғындарды жұмыспен қамту, жағдайын жақсарту. Жанашырлықпен орындалмаған жұмыс нәтижесіз болады. Ауыл халқының тұрмыстың жағдайын көтеру, жұмыссыз азаматтарды бағыттау жұмыстарын жүйелеп, жандандырыңыздар. Сұранысқа ие мамандықтарды анықтап, еңбек нарығының қажеттіліктеріне қарай кәсіптік бағдар беруді күшейтіңіздер, – деген Бейсенбай Тәжібаев жұмысты немқұрайлы орындаған тұлғалардың жауапкершілігі қаралатынын ескертті.
✔️Облыстық жұмыспен қамту жән әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Әбдіқадыров аудан, қала әкімдіктерінің бекітілген индикаторларды орындау деңгейі туралы баяндады. Оның айтуынша, 8 айдың қорытындысымен 100 807 азамат жұмыспен қамтылған. Оның ішінде, 59 925 – тұрақты, 40 882 – уақытша жұмыс орындары. Жоспар 114,5%-ға орындалған.
✔️Ұлттық жобалар аясында бүгінгі таңда нақты 297 жоба жүзеге асып, 3 156 азамат жұмыспен қамтылды. Жеке инвестиция тарту арқылы 103 жоба жүзеге асып, 1 584 жұмыс орны құрылды. Ал, «10 мың тұрғынға – 100 жаңа жұмыс орны» жобасы аясында биыл 22 595 жаңа жұмыс орнын құру межеленгенсе, қазіргі уақытта 27 617 жұмыс орны ашылды.
📌«Өңірлік жұмыспен қамту картасын» жүзеге асыру аясында 59 925 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Уақытша субсидияланатын жұмыс орындарына 27 099 азамат тартылды. Одан бөлек, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 1788 азамат мемлекеттік грант алды. Сонымен қатар 158 пробация есебіндегі және 10 бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған азаматтар, 5 тұл жетім, 146 мүгедектігі бар азаматтар жұмысқа орналасты.
✔️Облыс көлемінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен «Ашық есік» күндері тұрақты өткізіліп келеді. Жыл басынан бері 64 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Оған 1 257 жұмыс беруші қатысып, 2 344 адам жұмысқа орналасты. Олардың ішінде, 1 611 адам жұмысшы мамандықтары бойынша құмыспен қамтылды.
✔️Жиын барысында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жыл соңына дейін атқарылатын жұмыстар туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Нүрпейісов ақпарат берді. Биыл облыста жаңа 6 мамандық ашылды. Өңірге қажетті мамандықтарды талдау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Алдағы уақытта радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, логистика, иіру және түту өндірісі технологиясы, жылжымайтын мүлікті басқару, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану, темір-бетон және металл бұйымдарын өндіру мамандықтарын ашу жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі