
– Көлеңкелі схемаларды қолданған кәсіпкерлер салықтан жалтарып, мемлекетті емес, өз қалталарын ойлайды. Бұл – қоғам алдындағы жауапкершіліктен қашу. Мұндай жайттар шипажайлар арасында да кездеседі. Салықтан жалтару – елдің әлеуметтік дамуына тікелей кедергі. Бюджетке түспеген әрбір теңге – салынбаған мектеп, жарақатсыз аурухана немесе жөнделмеген жол деген сөз. Сондықтан ашық экономика мен салық мәдениетін қалыптастыру – мемлекет пен әрбір азаматтың ортақ міндеті. Салықтан жалтарудың алдын алу шаралары күшейтіледі. Бұл әділ бәсекелестікті қалыптастырып, бюджетті әлеуметтік салаға тиімді бағыттауға мүмкіндік береді. Шипажайлардың заңды жұмыс істеуін, кіріс-шығысын ашық жүргізуін талап етеміз. Емдік туризмнің болашағы – сапада. Қазір бәсекеге қабілетті болмай, іс өрбімейді. Өркендеп жатқан әріптестеріңізден үлгі алыңыздар. Уақыт өзгерді, халық сапалы демалыс күтеді, – деді Нұралхан Көшеров.