ТҮРКІСТАН: ТҰҢҒЫШ РЕТ БІР ӘУЛЕТТІҢ ҮШ ҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ТҰҢҒЫШ РЕТ БІР ӘУЛЕТТІҢ ҮШ ҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
✔️Қазақ спорты үшін тарихи оқиға! Болгарияда армрестлингтен өтіп жатқан әлем чемпионатында "Шардара Армспорт" құрамасының спортшылары, бір әулеттің үш ұлы қатарынан әлем чемпионы атанды.
✔️Бұл – аудан ғана емес, тұтас еліміз үшін зор мақтаныш!
Чемпиондарымыз:
🥇 Ибрагим Бекнұр – 14 жаста, жас жеткіншектер арасында 45 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы
🥇 Ибрагим Азамат – 15 жаста, жас жеткіншектер арасында 50 кг салмақта әлем чемпионы
🥇 Ибрагим Әділет – 18 жаста, жасөспірімдер арасында 65 кг салмақта әлем чемпионы
✔️Осылайша, Шардара ауданы тарихында тұңғыш рет бір әулеттің үш баласы халықаралық деңгейдегі бір жарыста қатарынан чемпион атанып отыр. Бұл жетістік – отбасы тәрбиесінің, қажырлы еңбектің және «Шардара Армспорт» мектебінің жүйелі жұмысының нақты жемісі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі