
– Қазақстан – Корея арасында стратегиялық серіктестік нығайып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда экономиканы әртараптандыру, институционалдық әлеуетті нығайту және шетелдік инвесторлар үшін барынша қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Осы өзгерістер аясында Түркістан облысы Корея елімен халықаралық әріптестікті дамытуға және Орталық Азиядағы сенімді сауда-экономикалық серіктес ретіндегі ұстанымын күшейтуге ерекше назар аударып отыр. Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықтың маңызды нәтижелерінің бірі – Түркістан облысында қуаттылығы 926 МВт болатын бу-газ электр станциясы құрылысының басталуы болды. Аталған жоба «Samruk-Kazyna» қоры мен Оңтүстік Кореяның «Doosan Enerbility» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бұл Қазақстанның энергетика саласындағы ірі инвестициялардың бірі. Өзінің стратегиялық географиялық орналасуының арқасында Түркістан облысы Орталық Азиядағы маңызды көлік-логистикалық хаб рөлін атқарады. Біз осы әлеуетті инвестиция тарту, экспорттық мүмкіндіктерді арттыру және шетелдік серіктестермен, соның ішінде Кореямен экономикалық байланысты нығайту үшін тиімді пайдалануға дайынбыз. Мемлекет басшыларының өзара сенімі мен қолдауының арқасында Орталық Азияда тату көршілік, достық пен өзара қолдауға негізделген ерекше ынтымақтастық үлгісі қалыптасты. Түркістан облысы Корея мемлекетімен стратегиялық әріптестікті нығайтуға, өңіраралық байланысты кеңейтуге және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын, – деген Нұралхан Оралбайұлы жаңа жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтып, ұзақмерзімді ынтымақтастыққа сенім білдірді.