ТҮРКІСТАН: СПОРТ КЕШЕНДЕРІ БАР «ЕСКЕК ЕСУ» АРНАСЫ СПОРТ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ САЛАЛАРЫН БІРІКТІРЕДІ

ТҮРКІСТАН: СПОРТ КЕШЕНДЕРІ БАР «ЕСКЕК ЕСУ» АРНАСЫ СПОРТ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ САЛАЛАРЫН БІРІКТІРЕДІ
Түркістан қаласында халықаралық талаптарға сай салынған бірегей спорт нысаны — «Ескек есу» арнасы жақында пайдалануға беріледі. Орта Азияда теңдесі жоқ бұл спорт кешені бірнеше бағытта қызмет атқарады.
📐 Жалпы аумағы 100 гектарды құрайтын арнаның ұзындығы — 2222 метр, ені — 260 метр, тереңдігі — 4 метр.
🌊 Жалпы көлемі 2,0 млн м³ болатын арнаға су Кенсай-Көксай-2 су қоймасынан, Шаға көлінен және Түркістан магистралды каналынан жеткізіледі.
🎢 Нысанда 2,4 шақырымдық су жеткізу арнасы, 1,8 шақырымдық су шығару арнасы және 3 технологиялық көпір қарастырылған.
🏢 Сонымен қатар, 940 метрлік жағажай мен 100 орындық трибуна, қонақүй, жаттығу базасы, әкімшілік ғимарат, демалыс орындары бар.
📑 Нысан ICF (Халықаралық байдарка және каноэ федерациясы) және FISA (Халықаралық академиялық есу федерациясы) стандарттарына толық сай келеді.
Бірегей нысан қатарынан бірқатар функция атқарады:
🏆 Бұл кешенде академиялық ескек есу, байдарка мен каноэ спорт түрлерінен халықаралық спорттық іс-шаралар, Әлем және Азия кубогы деңгейіндегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік қарастырылған.
🚣🏻 Мұнда спортшылар тұрақты түрде жаттыға алады.
🪁 Сонымен қатар нысан демалыс, серуен, түрлі көпшілік шаралар өткізуге пайдаланылмақ.
💧 Одан бөлек, арнадағы су Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталығындағы және «Ескек есу» арнасы аумағындағы ирригациялық жүйені сумен қамтамасыз етуге, жасыл белдеуді суаруға пайдаланылады.
✨ Бұл жоба Түркістан қаласын спорттық, экологиялық және туристік тұрғыдан дамытуға зор үлес қосады. Қазақстанда академиялық ескек есу спортын жан-жақты дамытуға жағдай жасайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі