
Қабылдауға Жетісай, Созақ, Сауран, Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласының тұрғындары арнайы келді. Шағымдар мен ұсыныстардың басым бөлігі білім, денсаулық, жұмыспен қамту салаларына қатысты болды. Атап айтқанда, медициналық пункт салу, жұмысқа орналасу, жаңа білім нысанын салу, әлеуметтік қолдау көрсету секелді мәселелер көтерілді. Мәселен, түркістандық тұрғын ауған соғысы ардагерлеріне бір реттік көрсетілетін көмекті ұлғайтуды және жұмыспен қамтуға ықпал етуді сұрады. Сауран ауданынан келген азамат 2-топ мүгедектігінен 3-топ мүгедектігіне шығарғанына шағымданса, енді тағы бір тұрғын атаулы әлеуметтік көмек (АСП) пен мемлекеттік грант берілмегенін жеткізді.