
– Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 48 мыңнан астам оқушы қабылданды. Жыл сайын мектеп табалдырығын аттайтын балалардың көбеюі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сауран ауданында 3 Келешек мектеп іске қосылуда. Бұл аудан терең тарихымен, еңбекқор халқымен ерекшеленеді. Сондықтан да мұндағы әрбір игі бастама ел рухын көтеріп, жас ұрпаққа тағылым берері анық. Ұлт қайраткері Сұлтанбек Қожанов атындағы 300 орындық жаңа білім ұясының ашылуы Үшқайық, Жалаңтөс, Теке ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Балаларымыздың болашағына жасалған қолдау, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.