
Мәжілісте өңірдегі елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету туралы облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиевтің есебі тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жалпы осы жылы аяқталу қажет 46 нысанның 27 нысаны пайдалануға тапсырылды. Ал, 19 нысанның құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, тұрақты бақылауға алынған. Жыл қорытындысымен 37 елді мекен немесе 73 мың халық табиғи газбен қамтылады. Нәтижесінде, 1,9 млн. тұрғыны бар 600 елді мекен «көгілдір отынға» қосылмақ.