ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
☑️Түркістан облысында әлеуметтік-мәдени бағытындағы жобалар қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен жиын өтіп, биыл жоспарланған ірі мәдени-туристік іс-шаралар мен халықаралық жобалардың дайындық барысы сараланды.
☑️Жиында жауапты басқарма басшыларының ұйымдастыру жұмыстарына қатысты ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
☑️Ертай Кенжебекұлы әлеуметтік-мәдени және туристік жобалардың өңір үшін маңызы зор екенін айтып, оларды тұрақты түрде өткізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ руханият саласында бірқатар бастамалар қолға алынып, жүзеге асып жатқанына тоқталып, республикалық, халықаралық шаралар – өңірімізге туристердің келуіне себеп болып жатқанын жеткізді.
☑️Жиын соңында жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеліп, жобалардың тиімді әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі