ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ
☑️Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 17 жастағы жасөспірімге жоғары технологиялық әдіспен күрделі операция жасады.
☑️Жасөспірім Түркістан облыстық балалар ауруханасына Шардара ауданынан санитарлық авиация қызметі арқылы ауыр халде жеткізілген.
☑️Мамандардың шұғыл тексеруі нәтижесінде науқастың бесінші мойын омыртқасы зақымданғаны анықталды. Жарақат салдарынан жасөспірімнің қимыл-қозғалысы шектеліп, аяқ-қолын басқара алмай қалған.
☑️Облыстық балалар ауруханасының нейрохирург-дәрігерлер командасы науқасқа жоғары технологиялық әдіспен омыртқаны транспедикулярлық фиксациялау отасын жасады. Операция барысында ангиограф аппаратының көмегімен жарақаттанған аймақ нақты диагностикаланып, зақымдалған омыртқаның орнына жасанды омыртқа хирургиялық жолмен қойылды. Ота сәтті өтті.
☑️Нейрохирург мамандардың айтуынша, операцияның негізгі мақсаты – жұлын миын босатып, омыртқаны бекіту арқылы науқастың қимыл-қозғалысын қалпына келтіру.
☑️Айта кетейік, Түркістан облыстық балалар ауруханасында соңғы бір айдың ішінде омыртқа жотасына 5 күрделі ота жасалып, барлығы сәтті аяқталды. Науқас балалардың жағдайы жақсарып, үйлеріне шығарылды.