ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАНДАНАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАНДАНАДЫ
☑️Түркістан облысында жастарды отаншылдыққа баулу, туған жерді құрметтеуге шақыру және оларға рухани жігер беру мақсатында іс-шаралар жанданатын болады. Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалық етуімен өткен мәжілісте талқыланды.
☑️Басқосуға облыстық басқарма басшылары мен онлайн байланыс арқылы аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары қатысып, өз ойларымен бөлісті.
☑️Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарды елжандылыққа баулу, ұлттық құндылықтарды насихаттау жөніндегі тапсырмаларын тиімді жүзеге асыру мәселелері пысықталды.
☑️Облыс әкімінің орынбасары жастардың бойына елге деген сүйіспеншілікті, ұлттық тәрбие мен рухани мұраны дәріптеу – ел болашағы үшін маңызды міндет екенін атап өтіп, осы бағыттағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.
☑️Жиын қорытындысында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, алдағы уақытта ұлттық рухты көтеретін және елдік сананы қалыптастыратын маңызды шаралар тұрақты түрде ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі