
Бүгінгі таңда Түркістан облысы мен көршілес Өзбекстан Республикасы арасындағы шекарада «Қазығұрт», «Жібек жолы», «Қапланбек», «Б.Қонысбаев», «Атамекен», «Сырдария» және «Нұрлы жол» кеден бекеттері жұмыс істейді. Бұл нысандардың маңыздылығын ескере отырып, облыс әкімдігі олардың тиімді жұмыс істеуі үшін тиісті инфрақұрылымдық жағдай жасауға, жол қатынасын жақсартуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуде. «Қазығұрт», «Б.Қонысбаев», «Атамекен», «Сырдария», «Нұрлы жол» кеден бекеттеріне апаратын жолдар ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің теңгерімінде болса, «Қапланбек» және «Жібек жолы» бекеттеріне баратын жолдар облыс әкімдігіне қарайды.