ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
✔️Ордабасы ауданына Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен барып, аудан аумағында құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандардың жұмыс жүйесін бақылады. Жауапты мамандарға құрылыс жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы орындалуын қадағалауды тапсырды.
✔️Алдымен ауданның дамуына серпін беретін тұрғын үй, білім, мәдениет және спорт бағытындағы жобалармен танысты. Темірлан ауылында салынып жатқан 144 пәтері бар 10 тұрғын үйдің құрылыс алаңына барып, кешеннің сапасы мен жұмыс кестесін бақылады. Бұл үйлер аудан тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалардың бірі ретінде жүзеге асуда.
✔️Одан соң аудан орталығында салынып жатқан музыкалық мектептің құрылыс алаңында болды. Аталған нысан балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және мәдениет саласын өркендетуге үлкен серпін береді деп күтілуде. Шұбар ауылындағы спорт нысанының құрылысы да назардан тыс қалмады. Ауыл жастары мен тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ететін бұл кешеннің сапалы әрі уақытылы аяқталуы маңызды екенін атап өтті.
✔️Сондай-ақ, Шұбарсу ауылы, Арал эко-алабында бой көтеріп жатқан 600 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Білім ошағы заман талабына сай жабдықталуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі