ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫНДА 600- ГЕ ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫНДА 600- ГЕ ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ
☑️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапармен барып, кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарын бақылады. Аудан экономикасын дамытуға серпін беретін жобалармен танысып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы игі бастамаларға қашан да қолдау болатынын жеткізді. Кәсіпкерлермен жүздесіп, құрылыс сапасына немқұрайлы қарамай, бастаған істі жауапкершілікпен аяқтауды тапсырды.
📌– Сауран ауданы – облыс көлемінде даму қарқыны артып келе жатқан аймақтардың бірі. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, және де өндіріс салалары ұдайы дамып келеді. Аудан халқының әлеуетін көтеру мақсатында атқарылып жатқан ауқымды жобалар облысымыз үшін де үлкен жетістік. Мұндағы басты мақсат – инвестиция тартуға бағытталған жобаларды көбейтіп, аймақтың даму сапасын одан әрі жетілдіру. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, әрбір істі уақытында әрі сапалы орындауды ескертемін деді – Нұралхан Көшеров.
☑️Облыс әкімі Бабайқорған ауылдық округінде орналасқан «Мырзахан» шаруа қожалығының 10 мың басқа арналған мал бордақылау алаңын аралады. Нысан 20 гектар аумақта орналасқан. Жоба құны 8 млрд теңгені құрайды. Мұнда 600-ге тарта жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар бордақылау алаңында ет сақтау қоймасы, мал сою бекеті, тері, қан және тұяқ өңдеу зауыттары, ветеринарлық қызмет көрсету, жем, шөп жинау, мал азығын дайындау және тыңайтқыш өңдеу алаңдарының қызметтері іске қосылады.
☑️Осы күні облыс басшысы Жібек Жолы ауылдық округіндегі «БИНЭКС» ЖШС-нің кірпіш өндіру зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорында күніне 20 мыңнан астам кірпіш өндіріледі. Ал жылына 3,5 млн. дана кірпіш шығаруға қауқарлы. Мұнда 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Нысан 5 гектар аумақта орналасқан. Өндірілетін кірпіш көлемі – 25х12. Жоба құны 500 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорын заманауи технологиямен жабдықталған.
☑️Іссапар Шорнақ елді мекенінде құрылысы жүріп жатқан спорт кешенінде жалғасты. Облыс әкімі спорт ғимаратын толық аралап, атқарылған жұмыстармен танысты.
☑️Нысан 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында бой көтеріп, биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жобаға қажетті қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын «ДОС и К СЕРВИС» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Нысан 300 адамға шақталған. Мұнда футбол, баскетбол, бокс, күрес және дене шынықтыруға бағытталған жаттығу залдары қарастырылған.
☑️Өңірде әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту мен тұрғындардың сапалы өмір сүруі үшін қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімінің жіті бақылауында.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі