
Қазіргі таңда Жібек жолы ауылдық округіне қарасты бірқатар елді мекендерде ауыз су құбырының құрылысы қарқынды жүруде. Атап айтқанда, Сарқырама елді мекенінде жобаға сәйкес ауыз су құбырының жалпы ұзындығы – 14,5 шақырым, бүгінде 10,5 шақырым құбыр желісі тартылған. Құрылыс жұмыстарын «FS Development Group» ЖШС жүргізуде. Қарабау елді мекенінде ауыз су құбыры 12 шақырым ұзындықта тартылып, құрылыс жұмыстарының 85%-ы орындалған. Жібек жолы елді мекенін ауыз су мен қамту мақсатында 80,1 шақырым, сонымен қатар Зортөбе елді мекенінде 35,4 шақырым ұзындықта ауыз су құбырларын тарту жұмыстары тартылған. Аталған елді мекендерде ауыз су қоймасының құрылысы аяқталған.