
Түркістанда экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Кеңеске ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті, облыстық прокуратура мен полиция департаменті өкілдері, облыстық дін істері және білім басқармалары, аудан-қала әкімдіктері қатысты. Маңызды жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов төрағалық етіп, жүргізіп отырды.