
– Біздің өңірімізден Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Бекзат Саттарханов, Мұхтархан Ділдәбеков, Сәкен Бибосынов, Жазира Жаппарқұл сияқты есімдері әлемге танымал спортшылар шыққан. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмаханов, Октябрь Жарылқапов, Сабыр Рахимов, Хайыс Аққалиев секілді даңқты тұлғалар бүкіл халыққа спортпен шұғылдануға үлгі бола білді. Айтулы тұлғалардың ізін жалғаған спортшыларымыз өсіп келеді. Ұлттық спорт түрлерінен де облысымыздың спортшылары Көшпенділер ойындарында 31 медаль иеленіп, республика бойынша көш бастады. Жыл басынан бері спортшыларымыз Әлем, Азия және Қазақстан чемпионаттарында жалпы 1 122 медальды жеңіп алды. Ұлттық құрама сапына облыстан 766 спортшы енді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 150 спортшыға артып отыр, – деді Нұралхан Көшеров.