
– Жуырда өткен республикалық тамыз конференциясында Мемлекет басшысы білім саласына айрықша мән беретіндігін, «Отбасы – мектеп – мемлекет» үштігі үйлесімді болса, жақсы нәтижеге жетуге болатындығын атап өтті. Расында, қазір бала тәрбиесінде барлық жауапкершілік мектеп пен ата-анаға жүктелген. Ал олардың күші қаншалықты жеткілікті екеніне талдау жасалмаған. Осыған орай, барлық күшті біріктіретін «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы дайындалып, 2024-2025 оқу жылында Сайрам ауданында тәжірибе ретінде қолданылды. Отбасылық-тұрмыстық қиын жағдайға тап болған балаларды мектеп қабырғасында педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар анықтап, тиісті жұмыс жүргізуі қажет. Алайда, облыс бойынша 1459 педагог-психологтың 50%-ның білімі сырттай, 186 кабинет тиісті талаптарға сәйкес жабдықталмаған. Осыған орай, біз жобаның шеңберінде бұл мәселені жүйелі қарап, әрбір педагог - психологтың кәсіби біліктілігін арттырып, жұмыс орындарын талапқа сәйкес жабдықтауға назар аударуымыз қажет. Пилоттық жобаны Сайрам ауданында іске асыру арқылы бірқатар оң нәтижеге қол жеткіздік. Жобаны өңірдегі барлық аудан, қалаларда енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жобаны қолда бар ресурстармен жүйелі іске асыратын болсақ, еліміздің болашағы – балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ететінімізге сенемін, – деді Дәулет Тлемисов.