ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
☑️Жетісай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі мен Жетісай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандағы аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балаларының мектеп бағдарламаларына қатыспауын болдырмау, сабақтарына толық қатысуларын қамтамасыз ету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті.
☑️Аталмыш шараға Жетісай ауданы әкімдігі аппаратының басшысы Есенгелді Алданиязов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров пен аудандық мәслихат депутаты Эльмира Темірбаева, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Шоқан Адайбеков арнайы қатысып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Жұртшылыққа акцияның мән-маңызын түсіндірді.
☑️Мыңнан астам ата-аналардың қатысуымен өткен жәрмеңкеде облыс және аудан аумағындағы мектеп оқушыларының киім үлгісін өндірушілері мен сатушылары, кеңсе тауарлары мен мектепке қажетті заттарды сатушы 30-ға жуық кәсіпкер сабаққа қажетті оқу құралдарын, кітап-дәптерлер мен қалам-сөмкелерді, мектеп формаларын базар бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада ұсынды.
☑️Жетісай қаласындағы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ауласында өткен акция барысында «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» және «Балаларды мектепке даярлайық» акциялары аясында 150 бүлдіршінге демеушілік жасалып, мектепке қажетті құрал-жабдықтары тегін үлестірілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі