ТҮРКІСТАН: БИЫЛ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДА 10 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР  ЖОЛДАРДА 10 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
☑️Түркістан облысы аумағындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 678 шақырымды құрайды. Оның ішінде, 301,5 шақырымы ақылы болса, 376,5 шақырым жол – ақысыз. Биыл облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда 10 жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, ұзындығы 2 шақырымды құрайтын 1 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланса, орташа жөндеу жұмыстарымен ұзындығы 208 шақырым болатын 9 нысан қамтылмақ.
☑️Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен жиында жол саласына қатысты мәселелер қаралды.
☑️Алдымен, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында атқарылып жатқан жұмыстар туралы «КазАвтоЖол» филиалының директорының орынбасары Қуатбек Нұрбаевтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, бүгінде Сырдарияға және «Атамекен» өткізу пунктіне кіреберіс жолдарды жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды. Сонымен қатар «Cамара – Шымкент» бағытындағы жол орташа жөндеуден өтті. «Шымкент – Жібек жолы» автомобиль жолының Қазығұрт кеден бекетіне кіреберіс жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
☑️Зұлпыхар Жолдасов анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруге уақыт беріп, жауапты тұлғаларға бірқатар міндет жүктеді. Жол бойындағы санитарлық тораптарды ретке келтіру, санын арттыру, талапқа сай келмейтіндерді жою бойынша тапсырма берді. Бұл жұмыстарға инвесторларды тарту қажет екенін айтты.
☑️Жыл басынан бері республикалық автомобиль жолдарының бойында орналасқан аялдамалар мен демалыс алаңшалары, санитарлық тораптар, жол элементтерін сырлау, жаңарту жұмыстары, өртке қарсы минералды жолақ жырту, жол жиегін жобалап жөндеу сияқты жұмыстар жоспарға сай атқарылуда.
☑️Облыс бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында жалпы 32 дана санитарлы-гигиеналық торап орналасқан. Оның ішінде, 11 данасы жеке инвесторлар тарапынан құрылған келісім-шарт аясында заманауи абаттандырылған жылы тораптар болса, қалған 21 данасы – суық тораптар.
☑️Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері республикалық, облыстық, аудандық маңыздағы жолдарда және елді мекен көшелеріндегі атқарылып жатқан жұмыстар мен күтіп ұстау жұмыстарының барысына тұрақты түрде талдау жүргізіп келеді. Жиын барысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында анықталған кемшіліктер бойынша басқарма басшысының орынбасары Мейржан Джалаиров баяндады. Сонымен қатар облыс аумағында құрылыс-жөндеу жұмыстары атқырылып жатқан жолдардың сапасы бойынша «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы бойынша филиалы директоры Мұрат Мықтыбаев есеп берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі