
Жиында өңірде туризмді дамыту бағытындағы өзекті мәселелер туралы облыстық туризм Нұрдәулет Медеуовтің баяндамасы тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, облыстың туризм саласында динамикалық өсім бар. Ішкі туристер санын жылдың соңына дейін 350 мың адамға жеткізу жоспарланып, осы жылдың І тоқсан қорытындысымен 59,3 мың турист келген. Сонымен қатар шетелдік туристер санын жыл соңына дейін 18 мың адамға жеткізу жоспарланған. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың І тоқсан қорытындысымен 2,0 мың адамды құрап отыр. Алайда, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 166,2% артқан. Ал, e-qonaq платформасында облыстағы шетелдік туристердің саны 2025 жылдың 6 айында 23,6 мың адамды құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есе артқан.