
Келіссөздер барысында Түркістан халықаралық әуежайында ішкі және халықаралық рейстер санын ұлғайту, жаңа әуе бағыттарын ашу, жолаушылар мен жүк ағынын арттыру, инфрақұрылымдық объектілер салу арқылы әуежай әлеуетін арттыру, Түркістан облысында туризмді дамыту және өзге де өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.