
– Өңірлік жұмыспен қамту картасы – бұл тек уақытша шара емес, ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты құралы. Біз әрбір жаңа жұмыс орнының артында бір отбасының әл-ауқаты, бір жастың болашағы тұрғанын жақсы түсінеміз. Сондықтан жұмыспен қамту мәселесі – менің жеке бақылауымда. Барлық аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары осы бағыттағы жұмыстарды нәтижелі әрі сапалы атқаруы қажет. Жүйелі жұмыстарды күшейтіп, инвестициялық жобаларды арттыруды тапсырамын. Бұл жұмыстар осында отырған әрқайсымыздың ортақ міндетіміз, - деді Нұралхан Көшеров.