ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР АУДАРЫСПАҚТАН БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР АУДАРЫСПАҚТАН БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ
10–13 тамыз күндері Шымкент қаласында аударыспақтан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған сайысқа Түркістан облысы ұлттық спорт мектебінің спортшылары да қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Жас балуандар 3 алтын, 1 күміс және 5 қола медальға ие болды.
Жалпы командалық есепте түркістандық жасөспірімдер қарсыластарын қапы қалдырып, чемпионаттың бас жүлдесін жеңіп алды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі