
Жалпы өнеркәсіп саласында 445 жұмыс орны, ауыл шарушылығы саласында – 33, құрылыс пен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы салаларында – 150, білім – 38, денсаулық сақтау – 14, қызмет көрсету саласында 96 жұмыс орны ұсынылды. Олардың қатарында фармацевт, невропатолог, травматолог-ортопед, бала дәрігері, психолог, логопед, мәдени шаралар ұйымдастырушы, кітапханашы, бағбан, шаштараз, су сорғы станциясы машинисі, санитар, инженер, аудармашы, есепші, заңгер, механик, электрик, дәнекерлеуші, оператор, технолог, жүргізуші, педагог, тәрбиеші, тігінші, аспаз, лаборант, күзетші, IT маманы және өзге де 70-тен астам мамандық түрі бар.