
Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 34 мың гектарға ұлғайып, 907 мың гектарға егілді. Атап айтқанда, дәнді дақылдар 341 мың гектарға, майлы дақылдар 73,0 мың гектарға, көкөніс пен картоп 55,9 мың гектарға, бақша дақылдары 61,6 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 229,9 мың гектарға егілді. Мақта дақылы 38 мың гектарға артып, 145 мың гектарға орналастырылды. Егіс көлемінің артуы жаңа су үнемдеу технологиялары есебінен қамтамасыз етілді.