ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АЛМА АЛҚАБЫНЫҢ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЮДА

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АЛМА АЛҚАБЫНЫҢ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЮДА
☑️Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда инвестициялық жобалардың қатары артып, өнеркәсіп саласында нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Бүгін облыс басшысы Нұралхан Көшеров Түлкібас ауданына жұмыс сапарымен барып, өндіріс орындарын аралады. Жұмыс жүйесімен танысып, өңірде кәсіпкерлік саласын одан әрі дамытудың маңызына тоқталды.
☑️Облыс әкімі алдымен Шақпақ елді мекенінде орналасқан «Кен-Тау» ЖШС-нің қарқынды алма өндіретін бауында болып, су үнемдеу технологиясы және қосалқы қойманың құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты мамандарға тапсырылған істі сапалы атқаруды міндеттеді.
☑️Алма алқабы 235 гектар аумақта орналасқан. Агроөндірістік жобаның жылдық қуаттылығы 6,0-7,0 мың тонна. Мұнда 150 жұмыс орны ашылған. Биыл тағы 27 гектар жерге тамшылатып суару әдісін қолдану арқылы алма ағаштарын жерсіндіруде. Оған қоса сыйымдылығы 2200 тоннаға шақталған заманауи қойманың құрылысы жүргізіліп, тамыз айында іске қосу жоспарланған. Жоба құны 1,5 млрд. тенгені құрайды. Өнім көлемі өткен жылы 5 мың тоннаға жеткен. Қазіргі уақытта кәсіпорында 2200 тонналық заманауи сақтау қоймасы жұмыс істеп тұр.
☑️Аралау жұмыстары Т.Рысқұлов ауылындағы «Стас и К» ЖШС-нің полиэтилен құбырларын өндіретін цехінде жалғасты. Н.Көшеров зауыт ғимаратын толық аралап, өнім түрлерімен танысты.
☑️Нысан 2004 жылы іске қосылып, бүгінде газ және су тасымалдауға арналған полиэтилен құбырлары шығарылады. Мұнда 40 адам тұрақты жұмыс істейді. Жоба қуаттылығы 6 мың тонна. Өнімдер ішкі нарықта саудаланып келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қыметі