
– Азаматтардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау, қоршаған ортаны қорғау және «Алкогольсіз ауыл» жобасын насихаттау, нашақорлықтың, интернет-алаяқтықтың және мал ұрлығының алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысу-учаскелік полицейлерге жүктелген негізгі міндеттер. Осы ретте, ҚР ІІМ-нің қолдауымен полицейлердің тиімді жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалуда. Олар үнемі біліктіліктерін арттыру курстарынан өтіп, жұмыс үшін қажетті бейнежетондармен, планшеттермен және қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етілуде. Жаңа учаскелік пункттер мен модульдік бекеттер ашылуда, – деді Мұрат Қабденов.