ТҮРКІСТАН: ПЕДАГОГ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ПЕДАГОГ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
☑️Түркістан қаласында облыстық білім басқармасының «Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» КММ жанынан құрылған білім беру ұйымдарында профилактикалық бағдарламаларды енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің ұйымдастыруымен «Суицидтік мінез-құлық бойынша оқушыларды қолдау» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке облыс бойынша іріктеліп алынған 10 тірек мектебінің педагогтары қатысты.
☑️Оқыту барысында қатысушыларға суицидтік мінез-құлықтың түрлері, белгілері, себептері мен қауіп факторлары таныстырылып, нақты жағдайлар мен кейстерді талдау арқылы теориялық білім мен практикалық дағдылар берілді. Сонымен қатар оқушыларды қолдау механизмдері, ведомствоаралық өзара іс-қимыл, ата-аналармен және мектеп қауымдастығымен жұмыс жүргізу әдістері қамтылды.
☑️Жобалық кеңсе алдағы уақытта да мектеп психологтары мен педагогтар үшін психологиялық қауіпсіз орта қалыптастыру және оқушылардың өмірлік дағдыларын дамыту бағытында түрлі мазмұндағы оқыту іс-шараларын жалғастыруды жоспарлап отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі