
– Майдангерлеріміздің ерлігін дәріптеу – баршамызға міндет. Тарихи сананы ұрпақ бойына сіңіру мақсатында облыста Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, ауқымды іс-шаралар жоспары бекітілген. Іс-шараға сәйкес, өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып, майдангерлерге, ардагерлерге құрмет көрсетілуде. Ал бүгін, сол жұмыстың жалғасы ретінде Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай, «Рух пен Жігер жеңісі» атты жаңа кітап жарық көріп отыр. Бұл кітапта облысымыздан шыққан ардагерлер мен батырларымыздың ерліктері дәріптеліп, екінші дүниежүзілік соғысындағы тың деректер айтылады. Кітаптың тағы бір жаңалығы – есімдері белгісіз болып келген 34 майдангер туралы дерек қосылып отыр. «Рух пен Жігер жеңісі» кітабы – халқымыздың рухани қазынасының бірі болады деп есептеймін, – деген Ертай Кенжебекұлы жинақтың жарыққа шығуына зор үлес қосқан авторларға алғысын білдіріп, облыс әкімінің атынан «Абай жолы» романы табыстады.