
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында спорт саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда өңірде спорт нысандарының құрылысы жүргізіліп, құрылыс сапасы қатаң бақылауға алынған. Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Түркістан қаласындағы бірқатар спорт нысандарын аралап, құрылыс барысын тексерді.