
— Халықтың денсаулығын сақтау мен қорғау — өте маңызды бағыт. Әсіресе ауыл тұрғындарының жаңғыртылған, ыңғайлы ғимаратта қызмет алуына жағдайлар жасалуы керек. Шардара ауданы, «Қазақстан» ауылдық ауруханасындағы күрделі жөндеу мамыр айында басталған. Қазіргі таңда ғимараттың сыртқы жұмыстары аяқталуға жақын. Тамыз айының соңында пайдалануға беріледі. Жетісай аудандық «Асықата» ауруханасындағы «А» және «Г» блоктарында ішкі жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде. Бұл нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі. Жалпы 1,8 млрд теңге бөлінген. Жалпы 6 нысанның 1-еуінде құрылыс толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға тапсырылған. Ол - Қазығұрт аудандық ауруханасына қарасты Қаратас ауылдық емханасы. Қалғандарында жөндеу жұмыстары кестеге сай жалғасып жатыр. Қажет қаражат қарастырылған, — деді Бейсенбай Тәжібаев.