
Өткен аптаның өзінде елді мекендерде 173 тазалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде, 58 028 тұрғын қатысып, 173 тонна қоқыс шығарылды. Жалпы бағдарлама аясында бекітілген жоспарлардың орындалуы тұрақты қадағалануда. «Таза Қазақстан» ұлттық жобасын қолдау мақсатында Түркістан облысының танымал спортшылары мен спорт саласының өкілдері белсенділік танытып, өз үлестерін қосуда. Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов, Шардара қаласының армрестлинг шеберлері, сондай-ақ Сағындық Тоғамбай, Ұлжан Сәрсенбек, Дидар Хамза сынды танымал спортшылар аталған бастаманы қолдауда.