
«TURAN» АЭА-да тіркелген, ашылған және енді ашылатын ең ірі өндіріс орындарына тоқталсақ, олардың қатарында «BASPOLYMER» ЖШС-нің полимерлі құбырлар, пластмасса бұйымдары, тамшылататын таспалар шығаратын ірі зауыты, «QazEcoPack» ЖШС-нің бастапқы және қайталама полиэтилен шикізатынан орау материалдарын (скотч, стрейч-пленка, полиэтилен, көпіршікті пленка) өндіретін кәсіпорны, «PSI Mineral Technologies» ЖШС-нің тау-кен металлургия кешеніне арналған ауыр техника шығаратын зауыты, «АЛТЫН ДАЛА МАҚТА» ЖШС-нің біріктірілген қоймасы бар ПВХ құбырларын шығаратын зауыты, «KZ_Unicol» ЖШС-нің әртүрлі жарықтандыру құрылғыларының сэндвич-панельдерін шығаратын зауыты, «ER-QAN GROUP» ЖШС-нің орамдағы полиэтилен пакеттер және бір рет қолданылатын пластик ыдыстар (тамақ өнімдері үшін) шығаратын зауыты бар. «Silk Way International» ЖШС-нің ауыл шаруашылығы машиналары мен бөлшектерін өндіру және құрастыру зауытын, «Kazakhstan Lihua» ЖШС-нің толық циклді тоқыма өнімдерін өндіруге арналған мақта агроөнеркәсіптік кешенін, «Qaz Natural Laminat» компаниясының ағаштан және тығыннан жасалған бұйымдарды өндіру, сабан бұйымдары мен тоқыма материалдарын өндіру кәсіпорнын ашу да көзделген.