
Жалпы 1256 (мектеп, балабақша, қосымша білім беру ұйымдары) білім беру нысандарының гидравиликалық сығымдаудан өткізуге қаржы қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталынан мердігерлер анықталып, 77% гидравиликалық сығымдау жұмыстары жүргізілді. Қалған Түркістан қаласы, Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Сайрам, Ордабасы аудандарында гидравиликалық сығымдау жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін толықтай аяқталады. 378 мектепке қажетті 60,5 мың тонна қатты отын (көмір) сатып алу бойынша мердігерлер анықталып, келісімшарт түзілген. Табиғи газбен 831 мекеме жылытылады.