
Төлеби ауданында Түркістан облысы әкімдігі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес ауқымды экологиялық сенбілік өтті. Аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаевтың жетекшілігімен мемлекеттік қызметкерлер, мекеме өкілдері мен еріктілер табиғатты тазалауға жұмылдырылды. Сенбілік Қасқасу аумағы, Сайрамсу өзені бойы, Біркөлік, Ақмешіт, Тұрбаза демалыс аймақтарында ұйымдастырылды. Демалушыларға экологиялық мәдениетті сақтау, қоқысты тастамау және табиғатты аялау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 400 қап тегін таратылды. Тазалық шарасына 1900 адам қатысып, 15 техника көмегімен 37 тонна қоқыс шығарылды.