АБАЙ ЕЛІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

АБАЙ ЕЛІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ
✔️Абай облысында Түркістан облысының мәдени күндері қорытындыланды. Хакім Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шара Семей қаласында жоғары деңгейде өтті. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің қолдауымен жолға шыққан мәдени керуен абайлықтардың алғысына бөленді.
✔️Мерекелік шараның алғашқы күнінде Абай облысының әкімі Берік Уәли арнайы қатысып, алғашқы болып өткізген түркістандықтарға ерекше ризашылығын жеткізді. Қос өңір арасындағы рухани-мәдени ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Екінші күні Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Эльдар Бақпаев арнайы қатысып, іс-шараға атсалысқан бірқатар азаматтарға Абай облысының әкімі атынан алғыс хаттарды табыстады.
✔️Екі күн бойы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Түркістан өңірінің табиғи әрі сапалы өнімдері нарықтағыдан төмен бағамен саудаланды. Жәрмеңкеге 540 тоннадан астам, 40-қа жуық өнім түрлері (көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық және өңделген тағам өнімдері) жеткізілді. Мәдени күндер аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі мен Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды. Жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары ризашылықтарын білдірді.
✔️Айта кетейік, жалпы онкүндік аясында ақын мұрасын дәріптеуге бағытталған ғылыми-практикалық конференциялар, поэзия кештері, театрландырылған қойылымдар, кітап көрмелері, ашық аспан астындағы кино көрсетілім, ерекше концерттер, Абай оқулары, жас ақындар мүшәйрасы мен «Адамзаттың Абайы» атты ақындары айтысы, «Жеті қазына» өтеді. Ал Абай күнінде Қарауылтөбеде бірқатар іс-шара өтіп қорытындыланады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі