Президентке ұлттық компания қызметінің нәтижелері туралы мәлімет берілді.
➤ биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 8,6 пайызға ұлғайғанын айтты.

Транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен.
➤ Трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңғыртылып жатқаны туралы баяндады:

биыл Достық-Мойынты учаскесіндегі жолдың екінші бөлігі және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады;

Дарбаза – Мақтаарал жобасын іске асыру жалғасуда;

Бақты – Аягөз және Қызылжар – Мойынты желілерінің құрылысы басталды.
➤ Терминал желілерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімет берді.
➤ Цифрландыру мәселесіне айрықша назар аударылатынын жеткізді:

Әлемдік деңгейдегі инновацияның көшбасшыларымен бірлесіп, теміржол көлігінің сапасын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған;

Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі транзиттік декларацияны ресімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.
Мемлекет басшысы Қазақстанның транзит әлеуетін және экономикасын дамытуда компания үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, көлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың маңызына тоқталды.