ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ 17 БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ 17 БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ
✔️Арыс қаласында тұрғындармен өткен кездесулерде жиі көтерілетін мәселелердің бірі – балалар ойын алаңшаларын салу қажеттілігі. Осыған байланысты қала әкімі Қайсар Маңқараевтың тапсырмасына сәйкес, биылғы жылы Арыс қаласында 17 жаңа балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары қолға алынды.
✔️Аталған нысандардың 10-ы қала аумағында орналасса, қалған 7 ойын алаңшасы ауылдық елді мекендерде бой көтеруде. Барлық алаңшалар заманауи талаптарға сай, балалардың қауіпсіздігі мен белсенді дамуына лайықталған.
✔️Биыл қаладағы Сүлейменов көшесінде орналасқан футбол алаңшасына, сондай-ақ Монтайтас пен Жиделі ауылдық округтеріндегі футбол алаңшаларына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
✔️Бұл жұмыстар Арыс қаласының балалар мен жасөспірімдеріне қолайлы орта қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беру мақсатында жүзеге асырылуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі