
Қабылданған шаралардың нәтижесінде биыл жалпы тіркелген құқықбұзушылықтар саны 5,9%-ға (2 551-ден 2 400-ге), оның ішінде аса ауыр қылмыстардың саны 46,8%-ға (62-ден 33-ке), орта дәрежелі қылмыстардың саны 13,3%-ға (765-тен 663-ке) төмендеген. Дегенмен алаяқтық фактілері көбейіп барады. Полицейлер тұрғындарға алаяқтардан сақ болуды, қаржылық сауаттылықты көтеру керектігін ескертеді. Жасөспірімдер құқығын қорғау мәселесі де басты назарда тұр. Биыл облыста жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 8,2 пайызға (61-ден 56-ға, 5 дерекке) төмендеген.