
Айта кетейік, "Ата Заң – тәуелсіздік тірегі" жоспары 30 іс-шарамен қамтылған, Оның ішінде аймақтық, ғылыми-практикалық, ақпараттық-ағартушылық бағыттары бар. Бірқатарына тоқталсақ, конституциялық заңдылықты қалыптастыруға және сақтауды қамтамасыз етуге, конституциялық құндылықтарды нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарды салтанатты марапаттау, диалогтар, отырыс, конференциялар мен салтанатты қабылдау өткізу жоспарланған. Сонымен бірге "Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры" қалалық және ауылдық кітапханалар базасында мектеп экскурсияларын, ашық сабақтар, жоғары оқу орындарының студенттері арасында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бойынша конкурстар өткізу межеленген.
Қазіргі Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін нығайтуға, ананы, әке мен баланы, еңбек ету мен білім алу құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін құрметтеуге арналған интерактивті көше акцияларын және өзге де іс-шаралар өткізу көзделіп отыр.