
Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 6 айдың қорытындысымен 70,8 млрд. теңгеге жетіп, өсім 39 пайызды құрады. Жалпы өңірлік өнімнің 53,3%-ы өнеркәсіп, 20,4%-ы ауыл шаруашылығы, 18,4%-ы сауда және 7,9%-ы құрылыс салаларына тиесілі. Жан басына шаққандағы ішкі өнім көлемі 6 айда 480 мың теңгеге жетіп, өсім 39 пайызды құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 37,7 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 107,9 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 34 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 10,7 пайызға артқан. 2025 жылы өнеркәсіп саласында жалпы құны 6,5 млрд. теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба іске асып, 180 жаңа жұмыс орындары құрылады.