ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ МЕН ІРІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ МЕН ІРІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
✔️Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Соның бірі – Кентау қаласы, Қарнақ ауылындағы 300 орындық мәдениет үйі. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласына арнайы іссапармен барып, мәдениет үйінің құрылысымен танысты, мердігерлермен жүздесті.
✔️Нысан 300 көрерменге шақталған. Жалпы алаңы 0,7 гектар аумақты құрайды. Бүгінде 2 қабаттан тұратын ғимараттың жарықтандыру жұмыстары қолға алынған. Құрылыс жұмыстарына «РСУ-1» ЖШС мердігер компаниясы жауапты. Биыл нысанның жұмысына 793 млн. тенге қаржы бөлінген. Қазіргі уақытта нысан қабаттарында монолит құю, бетондау жұмыстары аяқталған. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында қолға алынған нысанның құрылысы жыл соңында немесе 2026 жылы аяқталады деп күтіліп отыр.
✔️Өңір басшысы жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды. Жобадағы кемшіліктерді түзеуді міндеттеді.
✔️Аралау барысында облыс әкімі Қарнақ елді мекенінде құрылысы жүріп жатқан «Kaz Real Meat» мал бордақылау алаңына барып, жұмыс барысымен танысты. Бірінші кезеңде 1500 бас ірі қара етін өндіретін кәсіпорында 2-кезеңде қуаттылығын 5 мың басқа жеткізу көзделіп отыр. Мұнда 25 адамдық жұмыс орны құрылады. Жоба құны – 1 млрд. теңге. Бордақылау алаңы 31 гектар аумақта орналасқан. Өнім ішкі нарыққа бағытталады және шетелге экспортталады деп күтіліп отыр.
✔️Аралау барысында облыс әкіміне Қарнақ ауылында ашылатын шағын өндірістік парктің жобасы да таныстырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі