
Бүгін Түркістан облысына қарасты Арыс қаласы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас және Төлеби, Бәйдібек аудандарының әкімдері, сондай-ақ облыстық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары мен бөлімдерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдері Сауран ауданына арнайы іссапармен барып, өңірлік кәсіпкерлікті дамытудың тиімді тәжірибелерімен танысты. Сондай-ақ, индустриялық жобалардың жүзеге асу барысын бақылап, өзара тәжірибе алмасты.