Бұған дейін, Қыз Жібек пен Төлегеннің махаббатын бейнелейтін қойылыммен көптің көңілінен шыққан топ жаңа туындының да өзіндік бағасын алатынына сенімді. Судағы әсерлі хореография, бірегей жарық және пиротехникалық шоулар, этномузыка, Сақ дәуірінің рухын жеткізетін көркем образдар мен костюмдер, драмалық сахналар мен тарихи көріністер қала қонақтарын қуантып, ерекше әсер берді.