
Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі білім саласындағы мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, азаматтар мектептерге жұмысқа орналасудағы кедергілер, жұмыссыздық, білім саласындағы заңсыздықтар мен әділетсіздіктер, заңсыз жұмыстан шығару жағдайлары бойынша шағым түсірді. Тұрғындар білім саласындағы кадрлық саясаттың ашықтығына, әділдігіне сенім артып, өздерінің білімі мен біліктілігіне сай лайықты жұмысқа орналасуға қолдау көрсетуді сұрады. Қоғамдық қабылдауда сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің немқұрайлығы, тегін дәрі-дәрмекке қолжетімділіктің төмендігі, тұрғын-үй кезегі жылжуының баяулығы, әлеуметтік жағдайының төмендігінен көмек сұраған азаматтардың мәселелері де көтерілді.