ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

✅ Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті тоқсан сайынғы отырысы өткізілді.
✅ Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, құқық қорғау және мемлекеттік орган басшылары, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері қатысты.
✅ Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында өткен мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе талқылап, оны шешу жолдары қаралды.
✅ Атап айтқанда, туризм саласында жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы талқыланды. Сонымен бірге кәсіпкерлердің және жер қойнауын пайдаланушылардың демеушілік негізінде аударатын әлеуметтік міндеттемелері бойынша қаржыларды игерудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстары мен №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» Үлгілік базалық бағытының облыс аумағында іске асырылуы және квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар барысы тыңдалды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі