
Айта кетейік, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде республикада алғаш рет облыстың 41 педагогы арнайы менеджмент курстарынан өтті. Халықаралық деңгейде шет елдеріндегі оқу курстарында тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ түркістандық ұстаздар мен әдіскерлер Жапонияда «lesson study» әдісі, АҚШ-та «инклюзивті білім беру», Қытайда «техникалық және кәсіптік оқыту» бағыттары бойынша халықаралық деңгейде тәжірибе алмасты. Жаңа оқу жылында да осы үрдіс жалғасып, педагогтар Франция, Малайзия, Сингапур елдерінде арнайы тәжірибелік курстарына қатысады. Мұнда «Келешек мектептері» мен «Мақсатты мектеп» ұстаздарына басымдық беріледі.