
Еске сала кетсек, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары 20 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 26 заң бұзушылық анықталып, 10 ұйғарым шығарылып, 13,3 млн теңге сомасына 133 әкімшілік айыппұл салынды. 2024 жылы бассейндік инспекциялар 439 тексеру жүргізіп, оның барысында 1 855 заң бұзушылық анықталып, 429 ұйғарым шығарылды. Жалпы сомасы 48,4 млн теңгеге 582 әкімшілік айыппұл салынды.