Қазығұрт ауданында «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау» күні қарсаңында барлық ауылдық округтерде «Бәріміз бірге– таза орта үшін» атты кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғау мақсатында өткен игі шараға мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары және жастар өкілдері қатысты.
Сенбілік аясында елді мекендерде бірқатар тазалық және көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, көшелер мен мекемелердің аумағы, өзен жағалаулары қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар ағаштарды әктеу, шөп өру, қураған бұтақтарды кесу, жас көшеттерді суару, ғимараттар мен кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін сырлау сынды жұмыстар атқарылды.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов сенбілік жұмыстары жүргізілген аумақтарды аралап, тазалықтың сақталуы мен жасыл желектердің күтіміне байланысты бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі